17
наурыз
2025
Өлең сөздің патшасы
2025 жылғы 14 наурызда “Абай мұрасы - қазақтың алтын қазынасы” қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 2-5 сынып оқушылары арасында “Өлең сөздің патшасы, сөз - сарасы” тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Көркемсөз сайысына 50-ден астам оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты - табиғатты жырлаудағы Абайдың ақындық шеберлігін дәріптеу. Табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру. Жауапты пән мұғалімдері: Г.С. Найманкулова, Л.И. Садуакасова