26
қараша
2024
Педагогикалық идеялар фестивалінің қорытындысы
Педагогикалық идеялар фестивалінің қорытындысы

«Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының қалалық кезеңі
Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Аталмыш іс-шараға «Шығармашылық толқын» бағыты бойынша бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері арасында №1, 11, 13, 17, 21, 22, 25, 27, 31, 35, 36, 38, 44, 46, 48, №16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ, №18 ЖОББМ, Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ, А.Байтұрсынов атындағы №47 ЖОББМ, №6 гимназиясы, Б.Исадилов атындағы ЖОББМ, Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ, Озерки ЖОББМ, Приречное ЖОББМ 102 педагог қатысты. Ұсынылған материалдарды және қатысушылардың баяндамаларын қазылар алқасы келесі критерийлер мен көрсеткіштер бойынша бағалады: педагогикалық идеяның өзектілігі, аудиториямен жұмыс істей білуі, шешендік шеберлігі, жеке жетістіктері.Бастауыш сынып мұғалімі Зюзина В- 2 орын
Ағылшын тілі мұғалімі Смагулова Г- 2 орын
Бастауыш сыннып мұғалімі Маулиева А- 3 орын
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Балықбаева Д- 3 орын
Ағылшын тілі мұғалімі Отеулинова А - 3 орын