"Жазғы мектеп" деген не және ол не үшін қажет » Средняя общеобразовательная школа № 18
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы бойынша бөлімінің
«№18 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-18-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-33-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жазғы мектеп" деген не және ол не үшін қажет
20
мамыр
2024

"Жазғы мектеп" деген не және ол не үшін қажет

"Ковид-2019" пандемиясы онлайн (қашықтан) оқуды мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің бір бағытына айналдырды. Әрине күнделікті сыныптағы сабақты ол толықтай алмастыра алмайды, десекте нақты қалыптасқан жағдайда қолдануға болатын амалсыз шешім. Солтүстік және шығыс облыстарда қыстың кезіндегі қатты аязда сабақтарды қашықтан ұйымдастыру көп кездеседі: -25 - 40 градус аяз немесе қарлы боранда. 
Қашықтан оқу кезіндегі білім алудағы жетіспеушіліктер педагогтердің, ата-аналардың заңды қобалжуын, уайымын тудырды. Балалардың форс-мажор жағдайы кезіндегі біліміндегі олқылықтың орнын толтыру - нақты мәселеге айналды. Осылайша, осыдан 4-5 жылдай бұрын Білім және ғылым министрлігі "Жазғы мектеп" ұйымдастыру туралы ұсыным дайындаған. 
Жазғы мектеп -  табиғи жағдайға байланысты сабақтар қашықтан ұйымдастырылған білім ұйымдары үшін ғана ұсынылған шара. 
Жазғы мектепке - оқушы ата-аналардың келісімімен және өз еркімен қатысады. 
Жазғы мектепте - оқушылардың білімі бағаланбайды, яғни баға қойылмайды. 
Жазғы мектепті - мамыр айының соңында немесе тамыз айының аяғында ұйымдастыру ұсынылады. 
Жазғы мектеп - қосымша қаржыны қажет етпейді, сабақ аяқталса да педагогтердің еңбекақысы демалысқа кеткенге дейін толық төленеді (тарификацияланған). 
Осылайша, биыл Оқу-ағарту министрлігі ата-аналар мен оқушыларға таңдау мүмкіндігін беріп отыр: мектеп ашық, ұстаздар жұмыста, түсінбеген немесе қиын болған тақырыптар бойынша дәріс алғың келсе - Жазғы мектепке кел. 
*************"******************"******************
"Что такое "Летняя школа" и для чего она нужна
Пандемия "covid-2019" превратила онлайн (дистанционное) обучение в одно из направлений учебно-воспитательного процесса в школе. Конечно, ежедневное занятие в классе не может быть полностью заменено им, но это вынужденная мера, которую можно применить в конкретной ситуации. 
В северных и восточных регионах при сильных зимних морозах наиболее распространена дистанционная организация занятий: -25 - 40 градусов мороза или метели. 
 Дистанционное обучение естественно  вызывает  озобоченность педагогов, родителей за качество знаний детей. Восполнение пробелов в образовании детей при форс-мажорных обстоятельствах стало реальной проблемой. Таким образом, около 4-5 лет назад Министерством образования и науки были подготовлены рекомендации по организации "Летней школы". 
Летняя школа - это мероприятие, предлагаемое только для организаций образования, где занятия проводились дистанционно в связи с природными условиями. 
Летнюю школу - учащийся посещают с согласия родителей и по собственному желанию. 
В Летней школе - не оцениваются достижения учащихся, то есть не выставляется оценка. 
Летнюю школу - рекомендуется организовать в конце мая или в конце августа. 
Летняя школа - не требует дополнительных средств, даже по окончании занятий заработная плата педагогов выплачивается в полном объеме (тарифицируется) до ухода в отпуск. 
Таким образом, в этом году Министерство просвещения предоставляет родителям и учащимся возможность выбора: школа открыта, учителя на работе, если вы хотите восполнить свои знания  по неусвоенным или сложным темам - приходите в Летнюю школу. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив