

26 мамыр мен 17 маусым аралығында "18 ЖОББМ" КММ мектеп жанындағы жаздық сауықтыру лагері жұмыс істейді. 26 мамыр күні "Қуаныш" жаздық сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатында оқушылар лагердің жұмыс жоспарымен танысты. Балаларды әртүрлі қызықты іс-шаралар, қаламыздың көрікті жерлеріне саяхаттар күтіп тұр.